Қасымбек Жезқазғанда су мәселесін шұғыл шешуді талап етті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жезқазғандықтардың коммуналдық мәселелерге қатысты шағымдарына жауап берді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасымбек Жезқазғанда су мәселесін шұғыл шешуді талап етті
Фото: karaganda-region.gov.kz
Үйтас-Айдос су құбырындағы апат салдарынан қала тұрғындары ауыз сусыз қалды.
Жағдай әлеуметтік желілерде үлкен талқыға айналды. Адамдар тасымалданатын судың жетіспеушілігіне шағымдануда.
- Қала тұрғындарының бірнеше күн ауыз сусыз қалуы нағыз келеңсіздік. Біз жылыту маусымына дайындық туралы айтамыз. Егер сіздер ыстық су бере алмасаңыздар, қандай дайындық туралы сөз қозғамақсызда? Ол аздай, суық су мәселесі де өткір болып тұр, - деді Жеңіс Қасымбек. – Менің қабылдау бөлмемде су тасымалдаумен айналысатын ұйымдарыңыздың жұмыс сапасы бойынша көптеген қоңыраулар жиналып жатыр. Бүгін бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеңіздер.
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов түнде су таратқыштағы ақау жойылғанын және қазіргі уақытта құбырды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады.
Облыс әкімі апатты тез арада жоюды тапсырды.
Жеңіс Қасымбек қол астындағылардан әлеуметтік желілерді бақылап, парақшаларды өздері жүргізуді талап етті.
- Мен Facebook-те жеке парақша ашқанмын. Бүгінде бұл қажетті қадам. Бірінші кезекте ол жағдайды онлайн-режимде түсіну және облыс тұрғындарының қажеттіліктеріне жедел әрекет ету үшін қажет. Жұмыс аптасының соңында көріп отырғанымыздай, адамдар әр түрлі мәселелерді шешуді талап етеді. Іс жүзінде барлық өтініштер нақты сипатқа ие. Көптеген пікірлер айқын мәселелерді көрсетеді, - деді облыс әкімі.
– Мен сіздерді, әріптестерімді, әлеуметтік желілерге қатысуға шақырамын. Тек парақшаны ашу ғана емес, халықпен жұмыс істеу қажет. Бүгінгі таңда көптеген мәселелерді қолмен шешу керек. Тапсырманы жоғарыдан күтпеңіздер, өздеріңіз жедел шешім қабылдаңыздар, - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.