Шамалғанда зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Дәрігерлер Шамалғанда болған жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлайды.

Шамалғанда зардап шеккендердің жағдайы қалай?
дереккөзден

«5 жастағы баланың жағдайы әлі ауыр. Динамикасы жақсарып келеді, сөйлейді, тамақ ішеді. 3 жастағы қыз бала комада жатыр, жасанды тыныс алусыз өзі демалады. Зардап шеккен әйелге №7 қалалық клиникалық емханада ота жасалды, жағдайы - орташа . Ота сәтті өтті», - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

15 қыркүйек күні Шамалған стансасындағы теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Олар – анасы мен 5 және 3 жастағы балалар. 22 қыркүйек күні сәбилердің бірі ес жиғанын жазған болатынбыз. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.