Пашинян Facebook-ке Тоқаевпен селфи жүктеді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қатысушыларымен ортақ селфи жүктеді.

Пашинян Facebook-ке Тоқаевпен селфи жүктеді
Берік Уәлидің парақшасынан

Кадрда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдова Президенті Игорь Додон, Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лун, ЕЭК коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян бар.

Молдова басшысы Игорь Додон да өзінің Instagram парақшасында сурет жариялады. Ол «Еурзаиялық экономикалық Одақтың Жоғары Кеңесінің ресми отырысы алдында қалыптан тыс жағымды қарым-қатынас орнады» деп жазды. Оның сөзінше ортаға жақын арада Владимир Путин мен Александр Лукашенко қосылады.

Еске салсақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Армения Республикасының астанасы Ереванға келді. Бірқатар кездесулер жоспарланған.