Елбасы Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды Еlbasy.kz.

Елбасы Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

– Мен Президент Ильхам Әлиевпен кездестім. Ол Сізге ізгі тілектерін жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мен Түркі әлемінің басқа да көшбасшыларымен кездестім. Олар да Сізге зор ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жолдап жатыр,– деді Б.Әміреев.

Тақырып бойынша материалдар