Тимур Құлыбаев орнын Кеңес Рақышевқа босатты

Белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұл ақпарат елордада өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында белгілі болды.

Тимур Құлыбаев орнын Кеңес Рақышевқа босатты

–Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын,– деді Тимур Құлыбаев.

Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді. Отырыс барысында 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевқа «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді.

Еске салайық, бокс федерациясының отырысында Қазақстан бокс федерацияның президенті Тимур Құлыбаев қызметінен кететінін мәлімдеген.