Мемлекет басшысы Ақтауда Әбіш Кекілбаевқа қойылған ескерткішті ашты

Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты.

Мемлекет басшысы Ақтауда Әбіш Кекілбаевқа қойылған ескерткішті ашты

Ақтау қаласының 19А шағынауданда бой көтерген ескерткіштің авторы – мүсінші, суретші Көшер Байғазиев. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 3,5 метр. Салмағы – 3,5 тонна.

Айта кетейік, биыл қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, абыздың туып-өскен жері Маңғыстауда мерейтой халықаралық деңгейде тойланып жатыр.

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған шаралардың ресми ашылу салтанаты өтті.