Тарихтан тағылым – өткенге тағзым
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы өтті.  
Елордалықтар cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастырмақ.
Сот төрағасы 4 жылға сотталды
Әулиекөл аудандық сотының төрағасы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
БҰҰ бітімгерлерінің мерекесі Қазақстанда тұңғыш рет аталып өтті
Елордадағы әскери-тарихи музейде БҰҰ бітімгерлерінің халықаралық күніне орай қоғам өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың, елдегі дипломатиялық корпустың, ҚР Қарулы күштері ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Зиянды жұмыс орны жойылады
Қазақстан адам денсаулығына зиянды жұмыс орындарын түпкілікті қысқартуды қолға алуда. Ондай жұмыс орындарында жұмыскерлер орнын роботтар мен басқа да алыстан басқарылатын заманауи техника басады. Бұл жайында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі IX Қазақстандық халықаралық конференция аясында айтылды.
Еуразия аумағына ықпалы зор форум
Алматыда XVI Еура­зия­лық медиа форумы өтіп жатыр. «Бүгінгі әлем: шына­йы­лық трансформа­циясы ма?» тақырыбына арналған халықара­лық жиынға Сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты. Шара шымылдығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ресми хатты Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқып берді. Онда: «Бұл форум –халықаралық, аймақтық деңгейдегі қордаланған мәселелердің мәні мен мазмұнына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Еуразия қоғамы үшін өмірлік маңызы зор ауқымды шараға айналды.
Әріптесіміз Қанат Әуесбай қызметке тағайындалды
Белгілі журналист Қанат Әуесбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.
Қазақ толеранттылығының үлгісі таныстырылды
Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының  орынбасары Ж.Түймебаев Қоныс аударушылар мен аз ұлттардың істері жөніндегі Федералдық үкіметтің өкілетті уәкілі Бернд Фабрициуспен кездесті.
Шеберлік сағаттарын өтеді
Алматыда 22 мамырдан бастап өтетін XVI Еура­зия­лық медиа форум аясында 7 авторлық шеберлік сағаты мен өңірлік интеграция тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Форумға шақырылған шетелдік спикерлер журналистика­ның жаңа құралдары туралы сөз қозғап, продюсерлік өнер жөнінде түсіндіреді. Сондай-ақ шара барысында халықаралық Global Youth and News Media Prize сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.
Мемлекеттік қызметкердің мотивациясы оянбаса, тиімділігі төмендейді
Мемлекеттік басқару саласының жетекші халықаралық сарапшылары, аймақ елдері мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен университеттердің өкілдері Астана Мемлекеттік қызмет хабының «Марапат және құрмет: ХХІ ғасырда мемлекеттік қызметшілерді  ынталандыру» атты панельдік сессиясына жиналды. Сессия Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында өтті.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 40 41 42 43 44 Келесі