Штабтағы жүздесу
Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы нақтырақ талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Шахмат турнирі өтті
Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті. Кездесу кезінде партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Рухани құндылықтың қайнар көзі
Ауыл тұрғындарының негізгі мәселесінің бірі – жайылымның жетіспеуі. Жер көлемі жағынан 9-орында тұрған ел үшін жайылым жердің табылмауы ақылға қонымсыз. «Ауыл» партиясының үміткері Төлеутай Рақымбековтің Ақмола облысы ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде осы мәселе кеңінен сөз болды.
Азаматтарды қабылдады
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы Ашық есік күнін өткізді. Нұр-Сұлтандағы штаб кеңсесінде Дания Еспаева  азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.  
Ұжымдық шартқа ұқыптылық керек
Кәсіподақтар атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшесі Г.Момбекова облыстық Ана мен баланы оңалту орталығының еңбек ұжымымен кездесті.
Киелі мекендегі кездесу
Қазақстан президентіне кандидат Сәдібек Түгел Маңғыстау облысындағы үгіт-насихат жұмысын Ақтаудан бастады. Кандидаттың сенімді өкілдері ұйымдастырған кездесуде Сәдібек Түгел қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Аймақты аралап, елордаға оралды
Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы еліміздің барлық аймағын аралап, Нұр-Сұлтанға оралды. Штаб мүшелері елордалық өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымымен, астаналық ЖОО оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясына қатысты.
Шетелдік БАҚ-тың ынтасы зор
Қазақстанда 9 маусымға тағайындал­ған кезектен тыс президенттік сайлауды жария етуге шетелдік журналистер­дің рекордтық саны тір­кел­ді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сайлау науқанын талқылады
Bolashaq қауымдастығы сайлау туралы пікірсайыс алаңын өткізіп, сайлау науқанына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Шараға «Болашақ» бағдарламасының түлектері жиналып, сайлауға дайындық барысы, үгіт-насихат жұмыстары мен қоғамдық пікір, әлеуметтік желілердің рөлі менбасқа елдер тәжірибесі туралы ойларымен бөлісті.
Болашаққа дайын түлектер
Назарбаев университетінде жоғары білім көшбасшыларының VIII Еуразиялық форумы басталды. «Болашаққа дайын түлектер» деп аталған форум аясында қызықты сессиялар, дискуссиялар мен семинарлар ұйымдастырылды. Шараға әлемнің 12 елінен 300 делегат қатысты.