Абай – адастырмас темірқазық
Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты ұлттың «мәдени кодын» сақтау екенін айтты. Ол сонымен қатар Абайдың рухани мұрасын зерделеу, насихаттау мақсатында атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Дрондар дәуірі туды
Қазіргі технологиялар дамыған заманда әскери дрондарды қарапайым құстардан не жәндіктерден айыру қиын болып барады. Соның дәлеліндей, биылғы жылдың басында өмірде шын болған оқиғаларға негізделген болливудтық «Ури: базаға шабуыл» (Uri: The Surgical Strike) әскери драмасы әлемдік прокатқа шықты. Онда лаңкестерді жоюда ұсқыны үкіден еш аумайтын, қанатын да дәп бір құстай табиғи қағатын дронның пайдаланылғаны суреттеледі.
Көрші тату болса – көптің бағы
Мәскеуге сапар жасаған Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізді. Кремлдегі кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің өзара ынтымақтастығының негізгі қырларын талқылады.
Әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы қалай тойланады
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Семей әуежайына Абайдың есімі беріледі
Бұл ұсыныс бүгін Ақордада өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.  
Маған сенің киімің керек: Робот «Федор» роскосмос басшысының бөркін сұрады
Робот «Федор» Жерге оралысымен өзінің twitt-ін жариялады. Темір ғарышкердің жазуынша, ауадан «күздің келгені сезіліп тұр», енді оған жылы киіну керек.
Назарбаев пен Путин екі елдің өзара іс-қимылының негізгі аспектілерін талқылады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізді. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
Н.Назарбаев Мәскеудегі «Қазақстан» павильонының ашылуына қатысты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильонының ашылу рәсіміне қатысты.
Робот «Федор» ғарыштан оралды
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федор» орбитада 12 күн жұмыс істеп, аман-есен Жерге қонды.
"ҚР Президентінің телерадиокешені" директорлар кеңесіне жаңа төраға сайланды
"ҚР Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Берік Уәли сайланды, – деп хабарлайды ptrk.kz сайты.