Жыл ортасына жақсы жетістіктермен жетті
Қазақстан эконо­микасы, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыс­тыр­ғанда, 4 пайыз­ға артқан. Салыстыру үшін айтсақ, Еуразиялық одақ­тағы ірі экономика сана­латын Ресейдің ЖІӨ-сі 2019 жыл­ғы қаң­тар-сәуір айла­рында бар-жоғы 0,8%-дық, тағы бір «одақтасымыз» – Бела­русь­тің ЖІӨ-сі 1,4%-дық өсімге қол жеткізді.
Ақордаға ағылған ақ тілектер
Қазақстанның Президенті болып сайлануына орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.
Үкімет басшысы тауар бағасын арзандатуға негіз барын айтты
Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен жиын өтіп, онда қаңтар-мамыр айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылға қарағанда 4% құрағаны айтылды. Премьер экономикалық даму қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдауды ары қарай жалғастыруды тапсырды.
Инвестклиматымыз үздік деп танылды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқар­ма төрағасы Ахмет­жан Есімов Петер­бург­тегі халықаралық экономикалық форум аясын­да бірқатар ресейлік және еуропалық компания­лар­дың басшы­лары­мен инвес­тиция­лық кездесулер өткізді. Осы бас­қосуларда Қазақ­стан­дағы инвестициялық климат посткеңістікте ең үздік деп танылды.
Қарсыластар құттықтауы
Қазақстандықтар өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді
Халықаралық бақылаушылар пікірі
Қазақ­стандықтардың белсенді түрде сай­лауға қатысқанын байқап, болашаққа зор сеніммен қарап отыр­ғандарын сезіндік
Елмен бірге дауыс берді
9 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кезектен тыс президент сайлауына қатысып, Конституцияда кепілдік берілген дауыс беру құқығын пайдаланды. Елдің негізгі әкімшілік ресурсы шоғырланған қаладағы сайлау учаскелерінде мемлекеттік қызметкерлер мен билік өкілдерінің де қатары көп болды.
Энергетикалық жүйе орнықты
Қазақстанда жаңғыратын қуат көздері одан ары дамытылады. Бұл мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында көтерілді. Жиынға Елбасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының ХVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша шаралар және электр энергетикасы салаларын дамыту тақырыбы арқау болды.
Келіссөзге жаңа алаң ұсынылды
Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінің байқаушысы, елші, швед Үкіметінің Солтүстік Корея және Мьянма мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілі Кент Харстедпен кездесті.
Тоқаев топ жарды
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады. Нәтижесінде Nur Otan партиясының атынан сайлауға түскен кандидат әрі бүгінде іс басында президент қызметін атқарып келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаев басым айқындықпен жеңіске жетті.