Сингапур мемлекттік агенттік төрағасы Астана хабтың қызметін талқылады
Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов пен Сингапрудың мемлекеттік агенттігі – «Enterprise Singapore» төрағасы,  Сингапурдың мемлекеттік қызмет комиссиясының бұрынғы басшысы (2010-2017) Питер Онг Бун Кви мемлекеттік қызмет даму трендттерін және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Сарыарқаға самғау
Жасыратыны жоқ, кейде астанамыз туралы сын да айтылады. Нөсерлетіп жаңбыр жауса, көшелерінің Венецияға «пародия жасайтыны», бас қалада бедел-ажарға қатысты салтанатты шараларға көп қаржы жұмсалатыны, оның «шенеуніктер шаһарына» айналып кеткені – тере берсе толып жатыр. Сын атаулыға тиісті тұлғалар төл жауабын таба берер. Бірақ елордамыздың ел мақтанышына, рухани жаңғырудың қайнар көзіне, мемлекеттілігіміздің ұстынына айналғанын ешкім жоққа шығара алмас.
Сүйікті ордамызға сыйлық
Абай ескерткішінің ал­дын­да «Нұр-Сұлтан – елі­міз­дің бас қаласы, Жастар – бо­ла­шақтың бастамасы» деген кі­тап және поэзия мерекесі өтті.
Баспаналы болу – бір бақыт
Мереке қарсаңында бірқатар мемлекеттік қызметкер миллион теңгелі болды. Нақтырақ айтқанда, Елорда күніне орай мұға­лім­дер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне баспана алу үшін серти­фи­кат табысталды. Осылайша жүз адам пәтер алуға бір табан жақындай түсті.
Рухани сала – өзекті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Елорда күнімен құттықтады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені жанында орналасқан биік тутұғырға Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Дәс­түр­лі түрде жылда өткізілетін бұл сал­танатты рәсім астана күніне ар­налған мерекелік іс-шара­лардың басталғанын білдіреді.
Ауылға бұйырар енші бар
Табыс көзі болмаса, ауылдан жастар ғана емес, еңбекке қабілетті барлық адам кетеді. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызме­тінде ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қияндағы ауыл тұрғында­рын жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынатынын баяндады.
Жаңа мұнай кен орындары игеріледі
Үкіметте «Дунга» және «Абай» кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды. Оның алдында Үкімет басшысы Асқар Ма­мин кен барлау және өндіру жөніндегі прези­ден­ті Арно Брёйяк бастап кел­ген француздық Total өкілде­рімен келіссөз жүргізді.
Ауқымды әрекет алда
Мәжіліс спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен палатаның төртінші сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Осыған орай, Мәжіліс төрағасы өткен сессия жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, депутаттар өз жұмысында бірінші кезекте, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің былтырғы қыркүйекте осы сессияның ашылуында, сондай-ақ Жолдауда айқындаған стратегиялық бағыттарына бағдарланды.
Сенат жұмысын түйіндеді
Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Жоғарғы палатаның сессияжабар отырысы өтті. Онда сенаторлардың 4-сессиядағы жұмысын қорытындылаған Д.Назарбаева өткен жылдың қыркүйегінен бері депутаттар  халқымызбен бірге Қазақстан мемлекеті үшін аса жауапты әрі тарихи оқиғалардың, тағдырлы шешімдердің куәсі болғанын еске салды.