Мемлекеттік қызметтің талабы күшейеді
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.
Әкімдер әлін білсін, ел-жұрттың халін білсін...
Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.
Ақордадағы жүздесу
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясы қатысқан Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясы мен Словакиядағы Еуропа қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесі жөнінде мәлімет берді.
Қазақтың жаны – домбыра
7 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Биыл екінші рет ұйымдасты­рылып отырған жиынға еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, барша қазақстандықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
Рухани сала – өзекті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Елорда күнімен құттықтады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені жанында орналасқан биік тутұғырға Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Дәс­түр­лі түрде жылда өткізілетін бұл сал­танатты рәсім астана күніне ар­налған мерекелік іс-шара­лардың басталғанын білдіреді.
Ауылға бұйырар енші бар
Табыс көзі болмаса, ауылдан жастар ғана емес, еңбекке қабілетті барлық адам кетеді. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызме­тінде ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қияндағы ауыл тұрғында­рын жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынатынын баяндады.
Жаңа мұнай кен орындары игеріледі
Үкіметте «Дунга» және «Абай» кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды. Оның алдында Үкімет басшысы Асқар Ма­мин кен барлау және өндіру жөніндегі прези­ден­ті Арно Брёйяк бастап кел­ген француздық Total өкілде­рімен келіссөз жүргізді.
Ауқымды әрекет алда
Мәжіліс спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен палатаның төртінші сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Осыған орай, Мәжіліс төрағасы өткен сессия жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, депутаттар өз жұмысында бірінші кезекте, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің былтырғы қыркүйекте осы сессияның ашылуында, сондай-ақ Жолдауда айқындаған стратегиялық бағыттарына бағдарланды.
Сенат жұмысын түйіндеді
Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Жоғарғы палатаның сессияжабар отырысы өтті. Онда сенаторлардың 4-сессиядағы жұмысын қорытындылаған Д.Назарбаева өткен жылдың қыркүйегінен бері депутаттар  халқымызбен бірге Қазақстан мемлекеті үшін аса жауапты әрі тарихи оқиғалардың, тағдырлы шешімдердің куәсі болғанын еске салды.
Беттер: 1 2 3 4 5 ... 9 Келесі