Тоқаев Есімовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады  Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Тоқаев Есімовті қабылдады
дереккөзден

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.