Мемлекет басшысы мекемелерді аралады

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 169

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы бірқатар мекемеге барып, елордалық нысандар­ды аралады. Бұл туралы Ақор­даның баспасөз қызметі ха­бар­лады.

Мемлекет басшысы мекемелерді аралады

Алдымен «Жанұя» отбасын қолдау институты орталығына барған Мемлекет басшысы аста­налық отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қыз­мет көрсететін орталықтың жұмы­сымен танысты.

Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы жайында кеңес алуға болады.

«Жанұя» орталығының баста­маларын жоғары бағалаған Мем­лекет басшысы аталған мекеменің тәжірибесін еліміздің барлық ай­мағында іске асыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар Президент ор­талық базасында іске асып жатқан «Кәсіпкер ана» жобасының қа­тысушыларымен әңгімелесті.

– Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. «Іздеген жетер мұратқа», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы елордадағы №23 орта мектепке барды. Мектепті аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президентке аста­наны дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орын­далуы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 10 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысына елорда халқының 25 пайызы тұратын қала аумағындағы 16 тұрғын үй алабын дамыту жөніндегі тап­сыр­маларының жүзеге асырылу жайында да мәлімет берілді. Сондай-ақ Алтай Көлгінов қазіргі уақытта қалада үшауысымды 8 мектеп барын, осы мәселені шешу үшін жыл сайын 12 мектеп салу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар әкім Президент тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысаны құрылысы басталғанын хабарлады. Президент №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқу­шылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер Прези­дентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мек­тептің түйткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

– Бұл – іске асатын жоспар. Сіздерге алдағы уақытта жаңа мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік болады, – деді Мемлекет бас­шы­сы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Ютария Ltd өн­дірістік-инновациялық компания­сына барып, кәсіби тігін жабдық­тарын құрастырумен әрі жеткізумен айналысатын, арнайы киімдер мен басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығаратын мекеменің жұмысымен танысты.

Президент шығарылатын өнім­дердің сапасы мен сұранысқа ие болуын оң бағалап, компанияның экспорттық әлеуетіне назар ау­дарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу барысында олардың еңбегінің еліміз үшін маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттің ха­лықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсететінін және осындай жандар үшін жұмыс орындарын ашатын мекемелерге әрқашан көмек беретінін атап өтті.

– Сіздердің фабрикаларыңызды үлкен қызығушылықпен аралап шықтым. Шын мәнінде, бұл – қажетті әрі озық өнім шығаратын және жақсы жабдықталған әлеу­меттік-жауапты кәсіпорын. Ең бастысы, мұнда сіздер сияқты ісмер адамдар жұмыс істейді, – деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері фа­б­рикаға келгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, мем­лекеттік қызметіне табыс тіледі. Жалпы, мекемеде 460 адам жұмыс істейді, соның ішінде 45-і халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

 

С.САДЫР