Тоқаевқа хат жазған бала

Хатта 10 жасар бала Президенттен тегін спорт секцияларын құруын сұраған.

Тоқаевқа хат жазған бала
Сурет интернеттен алынды
Алматылық бала 4-сыныта оқиды. Есімі – Нұрбақыт Ғалымжан. Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған. 
Хатта бала Тоқаевтан демалыс күндерін ұзартуды, мектептегі оқу бағдарламасындағы кейбір пәндерді алып тастауын және тегін спорт секцияларын құруды өтінген.

Баланың анасы Алма Берікқалидың айтуынша, ұлы күтпеген жерден қағазға жазылған хатты қолына әкеліп, оны Президентке жіберуді сұраған.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, мырза, күзгі демалыс неге қысқа? Мектеп бағдарламалары өте күрделі. Ал біз тек бір апта демаламыз. Мәселен, мектеп бағдарламасында қажетсіз пәндер бар: жаратылыстану, өзін-өзі тану және өлкетану секілді. Меніңше, оның орнына тегін спорт секциялары болуы керек. Себебі, ер балалар – болашақ әке, олар отбасының тірегі. Сондықтан алтын уақытты қажет емес пәндерге өткізген керегі жоқ. Сондықтан да мектепке барғымыз келмейді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз менің хатымды жауапсыз қалдырмайсыз деп үміттенемін», – деп жазған екен.