Жеделхат жолдады

Газет мақаласы Айқын газеті №71

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Шереметьево әуежайындағы ұшақ апаты салда­рынан көптеген адамның қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек жазылып, отбасыларына оралуына тілектеспін» делінген жеделхатта.