Абайдың 175 жылдығы тойланады

Газет мақаласы Айқын газеті №83

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастыру­шылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету туралы қаулыға қол қойды.

Абайдың 175 жылдығы тойланады

Қаулыға сай А.Құнанбай­ұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады. 2019 жылғы 1 қазанға дейін ақын­ның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспуб­ликалық жоспар бекітіліп, Абай­дың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-му­зейі кешенді жаңғырады. Сондай-ақ қаулы бойынша 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дық мерейтойына арналған ха­лық­аралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, ақынның еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде шаралар қабылданады.