Қуғын-сүргін құрбандары рухына тағзым

Газет мақаласы Айқын газеті №84

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды.

Қуғын-сүргін құрбандары рухына тағзым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбан­дары­ның рухына тағзым етті.

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы «АЛЖИР» мемориалды-му­зей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жай­лы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді.