Тарихи күнге балады

Газет мақаласы Айқын газеті №88

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол жағалаудағы елорданың жаңа әкімшілік орталығында, «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру рәсіміне қатысты.

Тарихи күнге балады

Өз таңдауын жасағаннан кейін отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына шыққан Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент сайлауын «тарихи ерекше күн» деп атады.

Оның байламынша, сайлаудың ашық әрі демократиялық түрде өтуі үшін билік тарапынан барлық қажетті жағдай жасалған.

– Менің ойымша, әр сайлау, әсіресе, Президент сайлауы – «шайқас алаңы» немесе қақтығысу үшін себеп емес. Бұл – үміткерлердің ұсыныстары, пікірлері мен бағдарламалары бәсекеге түсетін дода. Біздің халқымыз елде бо­лып жатқан саяси оқиғаларға ешқашан бейжай қараған емес. Осы жолы да Қа­зақстан халқы өзінің азаматтық бел­сенділігін танытып, мемлекетіміздің бо­лашағы үшін дауыс береді деп үміт­тенемін, – деп мәлімдеді Қ.Тоқаев.

Сөз соңында Мемлекет басшысы қазақстандық және шетелдік журна­листердің сауалдарына жауап берді.

 

Елдос СЕНБАЙ