Путин Тоқаевты құттықтады

Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді.

Путин Тоқаевты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

«Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі", - деді Ресей елшісі. Сонымен қатар, Қазақстан – Ресей қарым-қатынастарын одан ары тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.