Телефон арқылы құттықтады

Газет мақаласы Айқын газеті №91

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хат­шысы Антониу Гутерриш  Қасым-Жо­март Тоқаевты телефон арқылы пре­зи­дент сайлауындағы айқын жеңісімен құт­тықтады.

Телефон арқылы құттықтады

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет бас­шысына табыс тілеп, оның жоғары лауа­зымдағы қызметі Қазақстан халқы­ның ырысы мен бірлігін нығайтуға ба­ғыт­­талатынына сенім білдірді.

– Сізді Біріккен Ұлттар Ұйымында тә­жірибелі де танымал саяси қайраткер ре­тінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан Пре­зиденті Гурбангулы Бердімұхаме­дов­пен телефон арқылы сөйлесті

Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бер­дімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаев­ты Қазақстан Республикасының Пре­зиденті сайлауындағы айқын жеңі­сімен құттықтап, жауапты әрі жоғары мемлекеттік лауазымына табыс тіледі.

Бұдан бөлек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.

Қатар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы Президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады.