Президентке жеделхат жолдады

Газет мақаласы Айқын газеті №91

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.

Президентке жеделхат жолдады

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин құттықтауында екі ел арасындағы стра­тегиялық әріптестіктің нығая түсе­тініне сенім білдіріп, Мемлекет бас­шы­сын Сеулге сапармен келуге шақырды.

«Қос тарапқа қолайлы уақытта өзіңізбен Сеул қаласында тағы да кез­десіп, екі ел арасындағы ынты­мақ­тас­тық­ты дамыту бойынша жасампаз диа­логымызды жалғастыруға дайынмын» делінген жеделхатта.

Иран Ислам Республикасының пре­зиденті Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс, Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, екі елдің көпжақты қа­рым-қатынастарының тереңдей түсе­тініне сенім білдірді.

Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель Қазақстан Президентіне құрмет білдіріп, табыс тіледі. «Мен Қазақстан мен Люксембург ара­сындағы достық қарым-қатынасты дамыту үшін Сізбен ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік туғанына қуаныштымын» делінген жеделхатта.

Литва президенті Даля Грибаускайте құттықтау хатында «Литва мен Қа­зақстан арасындағы екіжақты деңгейдегі достық қарым-қатынастар мен өзара диалогты жалғастыруға, сондай-ақ Еуропалық одақ аясындағы екіжақты қарым-қатынасымыздың қарқыны төмендемейтініне сенім білдіремін. Бұл біздің елдеріміз бен азаматтарымыз үшін мемлекеттеріміздің экономикалық өсімін арттыруға, сондай-ақ халық­тары­мыздың әл-ауқатын нығайтуға, ынты­мақтастықты одан ары кеңейтуге жаңа мүмкіндік ашатынына кәміл сенемін» деп жазған.

Еуразиялық экономикалық комис­сия алқасының төрағасы Тигран Сар­кисян Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісі Қазақстанның заманауи әрі сер­пінді мемлекет ретінде одан ары сенімді дамуының негізі болатынын атап өтті. «Біздің интеграциялық бірігуіміздің дамуына Сіздің қатысуыңыз одақтың тұрақты, мақсатшыл жолмен жүруіне және әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналуына септігін тигізеріне сенімдімін» деді Тигран Саркисян.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев­тың атына Ұжымдық қауіпсіздік шар­ты ұйымы бас хатшысының міндетін ат­қарушы Валерий Семериков, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хат­шысы Владимир Норов, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қа­сейінов, Жалпыға ортақ еңбек федера­ция­сының бас хатшысы Владимир Щербаков, «Газпром» көпшілік акцио­нерлік қоғамының басқарма төра­ғасы Алексей Миллер құттықтау жол­дады.