Тағайындау

Газет мақаласы "Айқын" газеті №93

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алик Шпекбаев Қа­зақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын.

Тағайындау

Tagainday.JPG

Алик Жатқамбайұлы – Алматы облы­сының тумасы. Ресей ІІМ академиясының түлегі. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын қарапайым слесарь болып бастап, инспектордан Ішкі істер вице-министрі қызметіне дейін жо­ға­рылады.

Анар Жайылғанова Семейде дүниеге кел­ген. ҚазҰУ-дың Заң факультетін үздік бітірген. Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері болып еңбек жолын бастады. Құқық саласында облыстық сот кеңесшісінен Жоғарғы соттың судьясына дейін өсті. Мәжіліс депутаты ретінде еліміздің құқық саласына қан жүгіртті.