Мемлекеттік күзет қызметі – маңызды ұйым

Газет мақаласы Айқын" газеті №94

Қазақстан Президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекеттік күзет қызметі –  маңызды ұйым

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан­ның мемлекеттік күзет жүйесін да­мыту­дың негізгі бағыттары туралы Күзет қызметі басшысы­ның баянда­масын тыңдады.

– Мемлекеттік күзет қызметі – төтенше маңызды ұйым. Сіздер қыз­мет атқару бары­сында осыны қаперде ұстаңыздар. Мемле­кеттік күзет қыз­метіне айрықша міндеттер жүктеледі. Сондықтан мемлекеттік күзет мә­селесі әрқашан басты назарда болады. Тап­сырылған іске барынша адалдық та­ны­тып, жоғары кәсіби дайын­дық­тарыңызды көр­сететіндеріңізге сенім­дімін, – деді Мем­лекет басшысы.

Қазақстан Президенті ішкі және сыртқы қауіп-қатердің құбылмалы жағдайында күзет қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талап өте жо­ғары болатынын атап өтіп, қыз­метке кәсіби, идеологиялық және зияткерлік тұрғыдан дайын жас жігіттер іріктеп алы­на­тынын айтты.

– Мемлекеттік күзет қызметінің офи­цер­лерінде келіссөздер жүргізуге қажетті дип­ло­матиялық дағдыларға сәйкес келетін әскери біліктілік, қы­рағылық, ақпаратты қорыта білу сияқты сапалық қасиеттер болуы тиіс. Сонымен қатар ішкі және сыртқы саясатты түсінетін және білетін сая­си білімі жетік болуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының жұмысымен танысып, Мемле­кеттік күзет қызметінің жұмыс кабинеттерін ара­лап көрді. Сондай-ақ Күзет қызметінің жұ­мысын одан ары же­тілдіру жөнінде бір­қатар тапсырма берді.