Телефонмен сөйлесті

Газет мақаласы Айқын" газеті №99

Мемлекет басшысы Қыр­­ғыз­­стан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Телефонмен сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Респуб­ли­касының Прези­ден­ті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласын­дағы жарылыстардан қаза болғандардың от­ба­сыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қол­дау білдірді.  

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағ­дайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээн­бе­ковке және бауырлас қырғыз халқына риза­шылығын білдіріп, алғыс айтты.