Ел мүддесі – басты назарда

Газет мақаласы "Айқын" газеті №100

Ақордада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кездесу өткізді. Мемлекет басшысы DP World компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады. Мәртебелі мейман өзі басқаратын халықаралық компанияның Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға қатысуы жөнінде баяндады.

Ел мүддесі –  басты назарда

Қазақстан Президенті шетелдік ин­вес­торлардың өзара тиімді жұмысы үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалға­нын айтты.

– Сіздің компания республикамыз­да­ғы Ақтау, Құрық теңіз порттарындағы инф­рақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру­ға атсалысып жатқанын білеміз. Аталған жобалар жемісті әрі тиімді бола­ды деген үміттемін, – деді ол.

Өз кезегінде Сұлтан Ахмед бин Су­лайем Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездес­ке­ні үшін алғыс айтып, DP World жақын арада іске асыруды жоспарлап отырған перспективті инвестициялық жобалары туралы хабардар етті.

Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­былдауына Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Бақыт Сұл­танов кірді. Қазақстан Президенті министрге бірқатар міндет жүктеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Маң­ғыстау облысының әкімі Серікбай Трұ­мовты қабылдады. Қ.Тоқаев өнер­кә­сіптік өндіріс көлемінің азаюына және өңірге тартылатын инвестиция көле­мінің қысқаруына жол бермеу керегін атап өтті. Президент халықтың тұрмысы төмен топ­тарын қолдау, тұрғын үй, «Ба­қытты от­басы» бағдарламаларының орындалу мә­селелерін облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауда ұстауы қажет екенін нық­тады.

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қа­был­дады. Қ.Тоқаев халықтың тұрмысы төмен топтары құқықтарының қор­ғалуына мо­ниторингті күшейтуді, сон­дай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша оларға жәрдем беруді тапсырды.

Президент Қ.Тоқаев қабылдауында Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұ­ма­ға­лиев те болды. Мемлекет бас­шысы көр­се­тілетін мемлекеттік қызметті және жал­­пы экономиканы цифрлан­дырудың маңыз­дылығына министрдің назарын ау­дартты.