Құттықтаулар легі толассыз

Газет мақаласы "Айқын" газеті №100

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.

Құттықтаулар легі толассыз

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета өзінің хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады.

«Сізге және Қазақстан халқына бар жақсылықты тілеймін, сондай-ақ ел­деріміз арасындағы жақсы қарым-қатынастарды жалғастыруды тағат­сыздана күтемін», – делінген жедел­хатта.

Сондай-ақ Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Әл Сабах Қасым-Жомарт Тоқаевты пре­зидент сайлауындағы жеңісімен құт­тықтап, екіжақты ықпалдастықты одан ары нығайтуға дайын екенін білдірді.

«Достас елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалай­тынымызды және оны мемлекеттері­міздің мүддесі үшін дамытуға ниетті екенімізді айтқым келеді», – деп жазған Кувейт Әмірі.

Алжир президентінің міндетін атқарушы Әбдел Кадер бен Салих та Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хатын жолдапты.

«Екі ел арасында жақсы тарихи байланыстар, өзара қарым-қатынастар орнаған. Елдеріміздің игілігі үшін Сізбен жұмыс істеуге және екіжақты форматтағы және халықаралық ұйым­дар аясындағы ықпалдастықты ны­ғайтуға дайын екенімді білдіремін», – делінген жеделхатта.