Ақордадағы жүздесу

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясы қатысқан Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясы мен Словакиядағы Еуропа қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесі жөнінде мәлімет берді.

Ақордадағы жүздесу
Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­станның стратегиялық серік­тес­тер­мен және халықаралық ұйым­дармен ынтымақтастығын жан­­дан­дыру қажет екенін айтты.Кездесу барысында Мемлекет бас­шысының қатысуымен өтетін ал­дағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.