Жаңа тағайындаулар

Газет мақаласы "Айқын" газеті №112

Мемлекет басшысының Жарлы­ғымен Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігі басшысының орынбасары, Аида Балаева Қазақстан Республи­касы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Прези­денті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгеру­шісі болып тағайындалды.

Жаңа тағайындаулар

Сондай-ақ Қазақстан Прези­дентінің Өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгеру­шісі, Айдын Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Талғат Қа­лиев Қазақстан Республикасы Пре­зи­­денті жанындағы «Орталық ком­муникациялар қызметі» рес­пуб­­ликалық мемлекеттік мекеме­сі­нің директоры қызметіне та­ғайын­далды.