Тоқаев: Қаскөйлер жазасыз қалмайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлер қолынан қайтыс болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтты.

Тоқаев: Қаскөйлер жазасыз қалмайды
Фото: Интернеттен алынды

– Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған инспектор Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бүгін шамамен сағат 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданында киікті қорғаған екі инспекторды браконьерлер атып кеткен еді.