Президент жеделхат жолдады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №113

Мемлекет басшысы МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қының және жеке өзінің атынан МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта Ю.Аманоның өмірден өтуі барлық халықаралық қоғамдастық және бүкіл әлемдегі көптеген адам үшін ауыр қаза екені атап өтілді.

Қазақстан Президенті МАГАТЭ басшысының ядролық қаруды таратпау және ядролық энергияны жаһандық деңгейде бейбіт мақсатқа пайдалану үшін атқарған рөлі зор екенін айтты.

«Біз Қазақстанның айнымас досы және жаһандық әлемдегі қауіпсіздіктің қорғаушысы Юкия Амано мырзаның жарқын бей­несін ешқашан ұмытпаймыз» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.