Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің әкімін қабылдады
Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елдімекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.