Арыс: Президент қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың қазасына байланысты оның ата-анасы мен туған туыстарына көңіл айтты.

Арыс: Президент қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында: «Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», – деп жазды.

Кеше Нұр-Сұлтанда Арыстағы оқиғадан зардап шеккен бала қайтыс болған еді.