Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айтты
Фото: Интернеттен алынды

Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында: «Дональд Трампқа көптеген кінәсіз азаматтың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды.

3 тамызда Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілген еді.