Тоқаев Атырауды дамытуға тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

Тоқаев Атырауды дамытуға тапсырма берді
Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, облыс әкімі Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.