Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық қорды қорғау қажет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық қорды қорғау қажет
Фото: Интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет», – деп жазды.