Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқына тыныштық тіледі

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқына тыныштық тіледі
Фото: Интернеттен алынды

«Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады» делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі.