Президент АҚШ конгресмендерін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады.

Президент АҚШ конгресмендерін қабылдады

Ақорданың мәліметінше, жүздесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері, сондай-ақ өңірдің күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды. «АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық. Елдеріміздің өзара табысты іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Америкалық конгресмендер Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, көздеген реформаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді. Конгресмендер Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қайта қалпына келтіру ісіндегі бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығына айрықша назар аударды.