Президент археолог Зейнолла Самашевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Президент археолог Зейнолла Самашевты қабылдады

Сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, орта ғасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті.