Жеті айдағы жұмыс нәтижесін баяндады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №127

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады.

Жеті айдағы жұмыс нәтижесін баяндады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айдағы жұмыстарының негізгі нәтижелері мен ведомствоны қайта құру шараларын ұйым­дастыру туралы баяндалды.

Алик Шпекбаев Президентке Агенттік құрылымында жаңадан құрылған 5 депар­тамент: алдын алу, парасаттылық, серіктестік, квазимемлекеттік сектордағы, құқық қорғау және сот органдарындағы сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анық­тау және тергеу департаменттерінің жаңадан құрылғаны жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық және ұйым­дас­тыру шараларын уақытылы қабылдау қажетті-гін атап өтті. Соның ішінде, Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік орган­дардың бірінші басшыларын қызметінен босату институтын енгізу, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығыс декларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі шаралардың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоға­мының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қа­зіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сон­дай-ақ, әлем экономикасының дамуына қа­тыс­ты өзекті мәселелер жөнінде пікір ал­масты.