Өңір өндірісі өрге басуда

Газет мақаласы "Айқын" газеті №130

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қара­ған­ды облысына жұ­мыс сапарымен келді. Са­пар бары­сында Мем­ле­кет бас­шы­сы бірқатар ин­дуст­рия­лық және әлеу­мет­тік ны­сан­мен танысты. Қа­раған­ды­да Пре­зи­денттің тө­рағалы­ғымен еліміз­дің ин­­дуст­риа­лды-инно­вация­лық дамуы жөнінде кеңес өтті.

Өңір өндірісі өрге басуда

Қарағанды облысына жұмыс са­па­ры­мен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Са­рыар­қа» арнайы эко­номи­ка­лық айма­ғын­дағы бірқатар нысанды ара­лап көрді. Өңірдің индустриалды әлеуетімен танысу «Бёмер Ар­ма­тура» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігінен басталды. Бұл – не­міс технологиясы бойын­ша шар­лы ілмекті арматура шы­ғара­тын бүкіл Орталық Азияда тең­десі жоқ кәсіпорын. Аталған өнім түрі мұ­най-газ секторы мен тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық са­ласында сұранысқа ие.

Мемлекет басшысы содан кейін Recycling Company жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігіне қа­расты Қазақстандағы ескі көлік құ­ралдарын өңдейтін тұңғыш зауытта болды. Жылына 50 мың ав­­томобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту це­хы­ның жұмысы мен шре­дерлік құ­рыл­­ғы Президенттің ерекше қы­зы­ғушылығын туғызды. Ма­­­­­ши­наларды жинап, өңдеудің ке­шенді әдісі еліміздің автомо­биль паркін жаңартуға, эколо­гия­лық ахуалды жақсартуға мүм­кін­дік береді.

«Альфарух» көтерме-бөлу ор­талы­ғында Қасым-Жомарт Тоқаев кросс-док, климаттық қойма мен көтерме-бөлшек ор­талығын ара­лап көрді. Президент атал­ған ны­санның транзиттік-логистикалық мүм­кіндіктерін кеңейтудің маңыз­дылы­ғын және Қараған­ды­ның тәжірибесін бас­қа өңірлерге енгізу қажеттігін атап өт­ті. Сон­дай-ақ мұнда Қарағандыдағы тұр­­ғын үй құрылыстарының жүр­гізілу барысына арналған таныс­ты­рылым рәсімі өтті.

Мемлекет басшысына алдағы уақытта облыс орталығының ажа­рын аша түсетін жаңа сәулет жо­ба­лары көрсетілді. Облыс әкімі Ер­лан Қошанов Қарағандының жаңа орталығында бой көтеретін тұрғын үйлер, әлеуметтік нысан­дар мен спорт кешендері туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­ра­ған­ды облысына жасаған жұмыс са­парының аясында облыс орта­лы­ғынан қашық аудандардың бі­рі – Пришахтинскідегі жаңа балалар ем­ханасына барды. Жаңа медици­на­­лық мекеме бір ауы­сым­да 300 адам­­­ды қабылдайды. Мемлекет бас­­­шысы емдеу каби­неттерін, за­ма­науи медициналық құрал-жаб­дық­тарды қарап көріп, дәрігер­лер­мен әңгімелесті. Сон­дай-ақ Пре­зи­дентке облыстың міндетті әлеу­меттік меди­циналық сақтандыруды енгізуге дайын­дығы жөнінде айтылды.

Мемлекет басшысы облыс әкім­дігінде «Елдің индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі кеңес» өткізді. Кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндама жасады.

Соңғы он жылда елімізде ин­дустрияландыру саясатын жүзеге асырумен дәйекті айналысуда. Екі бесжылдық аясында одан ары индустриялық серпіліс жасау үшін берік іргетас қалыптасты. Индус­трияландырудың екінші бесжыл­дығы кезеңінде машина жасау саласында өнім көлемі 1,8 есеге өсті. Машина жасауда автоө­нер­кә­сіптің үлесін 26 пайызға де­йін арт­тырып, өндірілетін авто­мо­бильдердің желісін кеңейтуге мүмкіндік туды. Қазір 167 АВТО моделі жиналады. Бұл Қазақ­стан­да сатылған отандық әрбір екінші автоны құрайды. Бұдан басқа, машина жасаудың басқа сектор­ларында да оң үрдіс байқалуда. Инфокоммуникациялық жаб­дықтар, модемдер, бекіту арма­турасы, жарықтандыру құралдары және электр тарату аппаратурасы сияқты бірқатар жаңа тауар пайда болды. Экспортқа бағдарланған рефрижераторлық вагондарды шығару жолға қойылған.

– Біз Орталық Азияда бірінші болып қуаты 500 МВА дейінгі аса қуатты трансформаторлар шығара бастадық. Индустрияландыру бағ­дарламасының ең жоғары мүм­кіндіктерін жүзеге асырудың жарқын мысалы «Қайнар-АКБ» АҚ болып табылады. Біздің акку­муляторлардың экспорты 9 елге – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, БАӘ, Бенинге жіберіле­ді, – деді Роман Васильевич.

Фарминдустрия соңғы 4 жыл­да өнім өндіру көлемін екі есе арт­тыр­ды. Мысалы, Индустрия­ландыру картасы аясында енгі­зіл­ген жер­гілікті Қарағанды фар­ма­цевти­калық кешенінде 2018 жыл­дан бастап дәрілік заттар өнді­рісінің сенімді өсуі байқалды. Отандық кәсіпорындар шығары­латын фар­ма­цевтикалық құрал­дардың ассор­тиментін кеңейтті (цефало-спо­риндер тобының ан­ти­биотиктері, онкологиялық ау­руларды емдеуге арналған пре­параттар және т. б.). Нәтижесінде сатып алудағы қазақ­стандық өнім берушілердің үлесі «СҚ Фар­мация» 3,2 есе өсті.

Жылына 50 мың ав­­томобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту це­хы­ның жұмысы мен шредерлік құ­рыл­­ғы Президенттің ерекше қы­зы­ғушылығын туғызды. 

Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру 1,4 есе артты. Фурнитура мен штапельді талшықтар өндірісі жолға қойылған. Сала өнімдері Бразилия (дайын тоқыма бұйым­дары, кілемдер және кілем бұ­йым­дары), Эстония (ерлер және әйел­дер костюмдері, комплек­тілер, шал­бар), Италия (шұлық бұйым­дары) нарығына жеткізіле бастады.

– Біз ішкі нарықты қана­ғат­тандыру туралы да ұмытпаймыз. Біз азаматтарымызды қолжетімді және сапалы тауарлармен қамта­масыз етуге тиіспіз. Ол үшін «қа­рапайым заттар экономикасын» дамыту бөлігінде саясат белсенді жүргізілуде, оны іске асыруға 600 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі күні осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2 жылға банктер 62 млрд теңге сомасына 150 жо­баны мақұлдады. Қосымша, екін­ші деңгейлі банктер мен агро­кре­диттік корпорацияның қа­рауында 275 млрд теңге сомасына 210 жоба бар. Бағдарламаға бар­лық қажетті өзгерістер енгізілді, түпкілікті мөл­шерлеме төмен­детілді, басым жо­балар тізбесі кеңейтілді, іске асы­руға «Агро­кредиттік корпорация» қосылды. Осылайша, жыл соңына дейін бағ­дарламаға бөлінген қаражат­тың жартысын игереміз, ал екінші жартысы келесі жылы қосымша қаржыландырылады, – деді Роман Скляр.


Әлемдік трендтерге сәйкес өнер­кәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жаңа сандық технологиялар мен иннова­цияларды енгізетін алғаш­қы қа­дам­дар – компаниялар бар. «Ин­дустрия 4.0» бүгінде ірі отан­дық компаниялар, технологиялық аудит қорытындысы бойынша инс­титут мамандарымен бірлесіп жүр­гізуде. Фраунгхофер (Герма­ния) өзінің даму стратегиясын қалып­тастырды. Осы жұмыстың нәтиже­сінде 7 «модельді сандық фабри­ка­лар» іріктеліп алынды, олардың мы­салында цифрлан­дыру мәсе­ле­лерінде оң өзгерістер байқалып отыр.

– Бүгінгі таңда индустрия­лан­дырудың үшінші кезеңі бағдар­ламасының жобасы әзірленді. Қа­зіргі уақытта оның бизнес ассо­сацияларымен келісімі бойынша бел­сенді жұмыс жүруде. Бағдар­ламаның негізгі желісі экспорттың номенклатурасы мен күрделілігін кеңейтуге, сондай-ақ сандық тех­нологиялар мен инно­вацияларды енгізуге бағытталған Индустриялық кәсіпкерлікті да­мыту болып табы­лады. Экс­портқа бағдарланған ин­дустрия­лан­ды­рудың маңызды міндеттерінің бірі әлемдік эконо­микалық кеңістік құрудың жаһан­дық тізбегіне қо­сылу арқылы бел­сенді ықпалдасу болып табыла­ды, – деді Ин­дус­трия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Кеңесте Қазақстан Респуб­ликасының Сауда және инте­гра­ция министрі Бақыт Сұлтанов Президент алдында есеп берді. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Бас­қарма Төрағасы Ахметжан Есімов қор жұмысындағы инвестжобалар туралы баяндады.

Кеңесте кәсіпкерлер атынан Eurasian Foods АҚ басқарма төрағасы Олег Винокуров сөйледі. Кәсіпкер Мемлекет басшысына кәсіпкерлікті несиелендіру пайызын 1-2 пайызға төмендетуге ұсыныс жасады.

– «Евразиан Фудс» АҚ АӨК өнімдерін терең өңдеу саласында жетекші орынға ие бола отырып, үздік әлемдік өндірушілердің жо­ғары өнімді автомат­тан­дырыл­ған жабдықтарымен жабдықталған және ERP SAP қаржы-бухгал­тер­лік мақсаттарда пайдаланады. Өндірісті дамытуға елеулі инвес­тиция сала отырып және халықа­ралық деңгейдегі үздік компания­лармен бәсекелесе отырып, жаңа технологиялар есебінен көшбас­шылық ұстанымдарды ұстап қалу және бәсекеге қабілеттілік пен өнімділікті арттыру, еңбекті ұйым­дастыру мәселелері кәсіпо­рын басшылығында әрқашан бірінші орында. Біздің кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, соның ішінде кәсіпорын атынан тиімді модельді «сандық фабри­каны» қалыптастыру үшін цифр­лан­дыру саласындағы озық тә­жірибелерді қолданудамыз. ЫДҰ және ЕАЭО елдерімен бәсекеге қабілетті мөл­шерлемелер қаржы­ландыруды қам­тамасыз ету жыл­дық 1%-2% - ы ұлттық валютада болса деген ұсы­нысымыз бар, себебі кәсіпо­рын­дарға өндірістік қуаттарды жаң­ғыртуға және параллельді авто­мат­тандыруға елеулі инвестициялар талап етіледі, – деді кәсіпкер.

«ЕСКО» ЖШС директоры, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жа­нындағы жеңіл өнеркәсіп коми­тетінің төрағасы Андрей Шмарин да бизнесті несиелеу пайызын төмендетуді сұрады.

Бизнесмен мемлекеттік сатып алу жүйесінде ОТӨ басым құқық­тарының нақты болмауы, әділ бә­секелестік қағидаттарын тіке­лей бұзатын және теріс пайдалану үшін алаң құратын мемлекеттік сатып алу жүйесінде мүгедектер ұйым­дарында негізсіз жеңіл­дік­тердің болуы, бөлшек сауда же­лілеріне кіру кезіндегі пробле­ма­лар (жет­кі­зілетін өнім үшін алдын ала төлем­нің болмауы, ретро-бонустар, ОТӨ тауарларында «то­­лық» артық­шы­лықтардың бол­­мауы) алаңда­та­тындығын жет­кізді. «Кәсіпорын­дардың жаб­дықтарын жаңғыртуды ынталан­дыру, жабдықтарды жаң­ғырту құнының пайызы 2-3%-дан аспа­уы тиіс, өйткені сол арқылы елдің нақты байлығы құрыла­ды», – деді баяндамашы.

Бағдарламаға сәйкес, сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм фо­ру­мына қатысады және ІІ «Жез­киік» халықаралық музыка фести­валіне қатысады.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, 
Қарағанды облысы