Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы

Газет мақаласы "Айқын" газеті №133
Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! 


Баршаңызды Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан.

Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқы­мыз­дың бірлігі мен мемлекет тәуел­сіз­дігінің берік негізі саналады.

Келесі жылы Ата заңымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осы кезең ішінде еліміздің басты заңы жа­сам­паздық пен ілгерілеудің кепіліне айналды.

Қазақстан тұтас құқықтық және әлеу­меттік-экономикалық жүйені қа­лып­тастырып, жан-жақты жаңғыру жо­лына түсті. Тұңғыш Президенті­міз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары мен институционалдық реформалар соның негізін құрайды.

Біздің мақсатымыз – экономи­каның сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру.

Ата заң азаматтарымыздың мүд­десіне қызмет етіп, елімізді одан ары дамытуға септігін тигізе береді.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!