Бүгін Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жариялайды    

Бүгін Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялайды
© Сурет ҚР СІМ

Халыққа жолдау жариялайтыны туралы Президент осыдан үш апта бұрын Twitter-де хабарлаған еді. Тіпті жолдауда көтерілетін мәселелердің шет жағасын да айтып қалған. «2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деген еді Президент Twitter парақшасында.