Қ.Тоқаев СҚО-ға жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.  

Қ.Тоқаев СҚО-ға жұмыс сапарымен келді
Уәлидің ақпарына сәйкес, мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда.