Қ.Тоқаев Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбекті ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы пікірін ол тwitter парақшасында жариялады.

Қ.Тоқаев Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбекті ұсынды

«Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, тәжірибелі мемлекеттік қызметші Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа Премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Жеңіс Қасымбек ұсынылады», – деп жазды Қ.Тоқаев.