Тоқаев қандай кітап оқиды?

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай кітап оқитынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Тоқаев қандай кітап оқиды?
дереккөзден
"Білесіздер ме, жақында Президент Абайдың мерейтойына арналған челленджге қатысқан болатын. Менің біліумше, Мемлекет басшысы осы шараға дайындалар барысында Абайдың "Хикмет кітабын" қайталап оқып шыққан болатын. Әлем классикасы туралы айтатын болсақ, ол орыс классикасын өте жақсы біледі", - дейді Берік Уәли. Берік Уәли соңғы уақыттары Президенттің кітап оқуға біраз қолы жетпей жүргенін айтты. "Оған қарамастан ол саяси әдебиет, көркем әдебиет және жаңа ғылыми басылымдарды оқуға тырысады. Менің білуімше, Президент бір уақытта бірнеше кітапты оқи береді", - дейді баспасөз хатшысы.

"Бүгінгі күні Президенттің жұмыс орнында Алек Россаның "Индустрии будущего" кітабы, Юваль Ноя Хараридің 21 Lessons for the 21 Century, Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білік", Парага Ханнаның The Future is Asian кітабы тұр. Сонымен қатар ол Time, Economis газет басылымдарын және Le Monde мен "Жэньминь жибао" (электронды нұсқасында)" да оқиды", - дейді Берік Уәли. Мемлекет басшысы оқулықтарды кітап түрінде оқығанды жөн санайды екен. "Кітап, газет не журнал мақалаларын оқығаннан кейін ол тапсырма береді. Президент үшін ақпаратты қайнар көзінен алған маңызды", - деген баспасөз хатшысы ол кітап, газет, халық тарапынан жіберілген жеке хат болсын, ресми сайттарды да оқитынын айтты.
Атап өтерлігі, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болғанына 100 күн толып отыр.