Ынтымақтастықты арттыру маңызды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №146

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын Atlantic Council («Атлантикалық кеңес») ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуден басталды.

Ынтымақтастықты арттыру маңызды

Кездесу барысында Мем­лекет басшысы Қазақстан-Аме­­ри­ка қарым-қатынасы­ның қа­зіргі жай-күйі мен даму перс­­пек­тивалары, сыртқы сая­сат­­тың негізгі басым­дық­тары, Қазақстанның сауда-эко­номикалық және инвес­ти­ция­лық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баян­дады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен ынтымақтастықты арттыру Қазақстан үшін аса маңызды еке­нін атап өтті.

– Біз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген келісімдерінің жү­зеге асырылуына ерекше мән береміз. Бұл сапар екі ел ара­сын­дағы кең ауқымды стратегиялық әріптестіктің негізін қалады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы АҚШ Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі екенін еске салды. Бүгінде америкалық инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд доллардан асқан.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптестерге энергетикалық саладағы бірқатар бірлескен жобалардың табысты жүзеге асқаны туралы хабардар етті. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта да аме­рикалық бизнес өкілдері­мен ұзақмерзімді экономикалық байланыстарды нығайтуға ниет­ті. Өз кезегінде америкалық әріп­тестер екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, Қа­зақстанмен өзара тиімді страте­гия­лық ынтымақтастықты одан ары нығайтудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұдан бөлек БҰҰ Бас Ассам­блеясының 74-сессиясы аясында Мемлекет басшысы БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті.Тараптар өзара іс-қимыл перс­пективаларын, атап айт­қанда, дінаралық келісім мен өр­кениет-тердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады.

Қазақстан Президенті Өр­кениеттер Альянсы бейбітшілікті, ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және өркениетаралық диа­логты қолдауға үлкен үлес қосып келе жатқан беделді халықаралық институттардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Bloomberg ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін Bloomberg Жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте Президент алдағы іс-шара жұмысына Қазақстанның атынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқару-шысы Қайрат Келімбетов қаты-сатынын айтты.

Мемлекет басшысы Майкл Блумбергке Қазақстанның сауда-экономикалық және инвес­тициялық мүмкіндіктері туралы айтып, америкалық бизнесменді «Астана» халықаралық қаржы орталығымен белсенді ынты­мақтастық орнатуға шақырды.