Тоқаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының алғашқы күні қалай өтті?

Өзінің Facebook парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы аясындағы бірқатар кездесулерінің бейнеролигін ұсынды.

Тоқаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының алғашқы күні қалай өтті?
Ақорда

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын "Atlantic Council" ("Атлантикалық кеңес") ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады», - деп жазды Уәли.

Бұдан өзге мемлекет басшысы Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен «Bloomberg» ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Анхел Моратиноспен кездесті.
Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады.

Түстен кейін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында америкалық және жетекші трансұлттық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кешкісін компания жетекшілерімен дөңгелек үстел басында пікір алмасты.

Бейнероликті көру үшін сілтемені басыңыз.