Бас дәрігердің қамалуы: Қ.Тоқаев АҚШ-тан тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды. Президент бұл туралы Twitter-де жариялады.

Бас дәрігердің қамалуы: Қ.Тоқаев АҚШ-тан тапсырма берді
© Akorda.kz

«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматадыға 4-қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында»,– деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Бұдан бұрын № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалғаны мәлім болған еді.

Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. 

Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтады. Нұрсұлтан Күдебаевтың ұлы 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 

Nur.kz сайты хабарлауынша, дәрігер Қ.Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазған. Оның айтуынша, осы жылдың шілде айында жол апатынан кейін Нұрсұлтан Күдебаева №4 ауруханада операция жасалған. Кейін ол Германияға ауыстырылып, сол жақта қайтыс болды.

«2019 жылдың шілдесінде апаттың салдарынан Нұрсұлтан Күдебаев №7 ауруханаға жеткізілді. Ауыр жағдайға байланысты дәрігерлердің қозғауға болмайды деген ескертулеріне қарамастан ол № 4 ауруханаға жеткізілген. №4 госпитальда науқасқа операция жасау кезінде Қанат Марденұлы болмаған, операцияда ол емес, 2 көмекші дәрігердің бірі болған.

Операциядан кейін науқас туыстарының бастамасы бойынша Германияға емделуге жіберілді. Германияда Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болғаннан кейін, операциядан кейін 26 күн өткен соң, біздің отбасымыздың иесі еш түсіндірмесіз № 4 аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды және кепілге кепілдіксіз қамауға алынды »,– деп жазады Дина Тезекбаева

Дәрігердің әйелі хатында Қазақстан Президентінен тергеуді бақылауға алуды өтінген.