Тоқаев Eurasia Group-тың президенті Ян Бреммерді Astana Club-пен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды

Ақорданың мәліметінше, Нью-Йоркке сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, Eurasia Group зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.

Тоқаев Eurasia Group-тың президенті Ян Бреммерді Astana Club-пен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды
Фото: akorda.kz

Тараптар кездесу барысында  өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді Astana Club халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.